Ол халықтық Қытай үшін айқасты: ақтөбелік ардагер Аспанасты елінде бірге соғысқан майдандастарына іздеу салады (ФОТО)

Оның айналасындағы аз адамдардың өзіне беймәлім аға сержант Конюшенконың Аспанасты еліндегі одиссеясы 1949 жылы басталып, екі жарым жылға созылды. Бұған дейін Ақтөбе тумасы №45 мектепті тәмамдап, темір жол депосында, механикалық зауытта, мұнай комбинатында (бұрынғы «Геотехника» зауыты), «Ақтөберентген» зауытында жұмыс істеді. 1946 жылы ол әскерге шақыртылып, Мәскеу авиациялық училищесіне оқуға жіберілді. Одан авиациялық жабдықтау жөніндегі техник аға сержант Борис Конюшенконы Батыс Украинаға жіберді.
1949 жылы сәуірде Борис Ивановичтің тағдыры күрт өзгерді. Киевтен Мәскеуге келіп, қонақүйге орналастырылды. Мамыр күндерінің бірінде оны көлікке отырғызып, Мәскеу маңындағы орманда орналасқан әскери бөлімге алып келді. Сөз алған генерал: «Сіз Қытайға арнайы тапсырманы орындау үшін аттанасыз» деді. Сосын осы елдегі әскери, экономикалық, саяси жағдаймен таныстыра бастады. КСРО коммунистік Қытайға материалдық көмекпен қоса, мыңдаған әскери мамандар мен сарбаздарды жіберді.
Ұшақ жабдықтау технигі Конюшенко де осындай құрамалардың біріне түсті. Экзотикалық елге бару үшін бірқатар құпия дайындықтан өтті. Генералдан тапсырма алынғаннан кейін сарбазды тағы Мәскеуге әкеліп, түгел құжаттарын алып қойды. Әрқайсына азаматтық киім - костюм, қалпақ, жейде, аяқ киім үш-үштен үлестірілді. «Азаматтық киімге үйрене беріңдер», - деп оларға кеңес берілді.
Қытайға дейін ҚШТЖ арқылы жетті. Алдымен Читаға дейін, кейін Отпор стансасына дейін, сол жерден қытай вагондарына отырып, тар жолмен Харбинге жетті. Одан кейін Бейжіңге келіп, сол жерден ел шығысына Цзинань қаласына жіберілді.
- Ол кезде Қытайдың жағдайы КСРО-дағыдан да нашар болды, деп еске алады Борис Иванович, - шамамен біздің азаматтық соғыс жылдары кезеңіндегідей болды. Авиаэксадрильде қызмет еттім. Қытайлықтарға өз авиациясын құруға жәрдемдесу міндеті тұрды. Жас жігіттерге ұшақ, аэродром жабдықтарын зерделеуге жәрдемдестім. Аэродром үшін сай келетін алаң таңдап, ұшу жолақтарын тазалап, қажетті жабдықтар орнатқан соң ұшақтар ұшырыла бастады. Қытай сарбаздары өте еңбекқор, білуге құмар жастардан құралды.
Қытай ұшқыштары Ла, ЯК - кеңес ұшақтарында ұшуға дағдыланды. Біздің нұсқаушылар оларды жерде, нағыз әуе айқастарында қалай соғысу қажеттігіне үйретті.
Осы екі жылда оларды туыстары да жоғалтты. «Соғысқа жіберілгендерге» үйлеріне қашан қайтатындықтары айтылмады, оларға хат жазуға, біреумен араласуға тыйым салынды, қала сыртында тіршілік етті. 1949 жылғы маусымнан 1951 жылғы тамыз аралығында Борис Конюшенко Қытайда болды. Осы уақыт ішінде ол 30 шақты адамды әскер ісіне машықтандырды. Үш ұшқыш досын жоғалтты, олар соғыс тапсырмасынан оралмады. Қытай тарихында ҚХАӘ ӘӘК ресми түрде 1949 жылы құрыла бастады, демек, біздің батырдың бұған тікелей қатысы бар. Қызмет уақытында Борис Ивановичтің қытай сарбаздары арасында достары да болды. Кетер алдында олар ұстазына қолтаңба қойып, фотоларын сыйлады. Олар тірі ме екен? Тағдырлары қалай қалыптасты? 87 жастағы Борис қызметтен кейін 44 жылдан соң осыны білгісі келеді!
Бұрыннан неге іздемеді деген сұрақ та туындауы мүмкін. Біріншіден, құпиялық режімі: Қытайдан кеткен кезде батыр әскери құпияны 50 жыл жарияламауға қолхат берді. Оның Қытайдағы өмірінен аз адам ғана хабардар болды.
Борис Ивановичке Қытайдағы қызметі жайлы Бейжіңде Тяньаньмэнь мен 1951 жылы ақпанда алған медалі (Қытайда Халық-азаттық әскері жанындағы ерекше әскерді құрғаны, достық, кеңес мамандары қытай әскеріне көмек көрсеткені үшін) еске салады. №100747 куәлігіне ҚХР Орталық халық үкіметінің Революциялық әскери комиссиясының төрағасы Мао Цзэдун қол қойды.
Борис Иванович бірге қызмет еткен қытайлық майдандастарынан хабарласуды өтінеді. Олар туралы ақпарат Отандарына оралар кезде сыйға берген фото сыртындағы иероглифте жасырын жазылған болар. Бәлкім, суреттен өздерін танып қалар. Борис Иванович екінші қатарда сол жақта жетінші болып тұр.