18:48, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Өлі китпен қоштасуға 10 мың вьетнамдық жиналды
АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат - Бакльеу провинциясында 15 тонналық китті жерлеудің салтанатты рәсіміне екі жүз мыңнан астам вьетнамдық жиналды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Associated Press сайтына сілтеме жасап.
Өлі жануардың денесі жексенбі күні, ақпанның 21-інде жағалаудан 40 шақырымдық қашықтықта табылған болатын. Қайықтарға мінген бірнеше ондаған балықшылар оны жағалауға шығару үшін бір күн уақыттарын сарп етті.
Қоштасу салтанатына қатысқандар өлі жануардың құрметіне от жағып ырымдарын жасады, ал жерлеу орнында храм салу жоспарлануда.
Вьетнамдық балықшылардың наным-сенімдеріне сай кит қасиетті жануар болып табылады және онымен өлідей немесе тірілей кездесу сәттілікті білдіреді. Киттерге «нгаи» (ngai) деген терминді қолданып, барынша құрметпен қарау орын алған. Вьетнамда дәстүр бойынша монархтарға жүгінгенде ғана осы сөз қолданылады.