00:05, 05 Қаңтар 2016 | GMT +5
Өлімге бел буған әйел ұшақтан секірмекке әрекеттенді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Чанша қаласынан Саньяға бет алған бейжіңдік Capital Airlines әуе компаниясының жолаушысы ұшып келе жатқан аэробустың люгін ашып, секірмекке әрекеттенді, деп жазады South China Morning Post.

Оқыс оқиға ұшақ әуеге көтерілгеннен соң шамамен бір сағаттай уақыттан кейін болған.
Қытайлық БАҚ-тардың хабарлауынша, әйел не себептен екені белгісіз ұшақтан секіріп кетпекке әрекеттенген.
Экипаж мүшелері оны тоқтатпақ болғанда, өзге екі жолаушы жақтасып, жанжал туындаған.
Дегенмен келеңсіз жағдайға қарамастан ұшақ Санья қаласының әуежайына сәтті қонды.
Қазіргі уақытта бұған кінәлілер қамауға алынып, оқиғаның жай-жапсары тексерілуде.
Фото: © Flickr/ dnorman