Олимпиада-2026: Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ширек финалға жолдама алды

МИЛАН.KAZINFORM — Италияның Милан қаласында XXV қысқы Олимпиада ойындарының шорт-тректен бәсеке жалғасып жатыр.

Олимпиада-2026: Абзал Әжғалиев және Денис Никиша ширек финалға жолдама алды
Фото: Сәли Сабыров

Ерлер арасында 500 метрге додада Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша ел намысын қорғады.

Екінші топта жарыс жолына шыққан Абзал соңғы айналымда қарсыластарының қателігін ұтымды пайдаланып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Отандасымыздың уақыт көрсеткіші 40.934 секунд.

Үшінші топта өнер көрсеткен Денис Никиша 40.818 секунд нәтижемен мәреге үшінші болып жетті. Алайда, Никиша уақыт көрсеткіші бойынша келесі кезеңге жолдама алды.

Олимпиада-2026: Абзал Әжғалиев және Денис Никиша ширек финалға жолдама алды
Фото: Сәли Сабыров

Осылайша, Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша 19 күні өтетін ширек финалда өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, Бүгін 6 қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады.

Сондай-ақ Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровтың жеңіске жетуінің сырын осы жерден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум