Олимпиада -2026: биатлоншылар кезекті жарыс күнін аяқтады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиадада биатлоннан әйелдер арасындағы алғашқы жүлде үлестірілді. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті хабарлады.

Олимпиада -2026: биатлоншылар кезекті жарыс күнін аяқтады
Фото: ҰОК

15 шақырымды құрайтын жеке сайыста Айша Рақышева 86-орын алса, Милана Генева 89-орынмен тәмамдады.

Жарыстың басты сенсациясы ретінде Болгария өкілі Лора Христованың қола жүлде алуы болды.

Жүлдегерлер:

1-орын. Жулия Симон (Франция) - 41:15.6
2-орын. Лу Жанмонно (Франция) - 42:08.7
3-орын. Лора Христова (Болгария) - 42:20.1
86.Айша Рақышева - 53:52.8
89.Милана Генева - 54:22.4

Биатлоннан кезекті жарыс 13 ақпанға жоспарланған.

Айта кетейік, Айша Рақышева мен Милана Генева өз мансаптарында алғаш рет Олимпиадаға қатысып жатыр.

Еске салсақ қазақстандық могулшы қыздар жүлдесіз қалған еді.

Соңғы жаңалықтар