Олимпиада-2026: Елизавета Голубева конькимен жүгіруде 7-орын еншіледі
МИЛАН. KAZINFORM — Италияның Ливиньо тау шаңғы курортында XXV қысқы Олимпиада ойындарының конькимен жүгіру жарысы жалғасып жатыр.
Әйелдер арасында 1500 метрге жүгіру сынында Қазақстан құрамасы сапында Надежда Морозова, Елизавета Голубева және Арина Ильященко жарыс жолына шықты.
Қортындысында, Елизавета Голубева 1 минут 54.868 секунд уақыт көрсеткішімен 7-орыннан көрінді. Ал Надежда Морозова 12-орын, Ильященко 24-орынды қанағат тұтты.
Нидерланд спортшысы Антоинетте де Йонг 1 минут 54.09 секунд нәтижемен чемпион атанды. Норвегиялық Райне Виклунд күміс (1 минут 54.15 секунд), ал канадалық Валери Мальте (1 минут 55.40 секунд) қола медаль жеңіп алды.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық спортшылар ерлер арасында акробатикадан іріктеу кезеңінде өнер көрсетті.
Сонымен қатар, фристайл-акроботикадан ұлттық құрама спортшысы Kazinform тілшісіне жарыс нәтижесі туралы пікір білдірді.