Олимпиада-2026: мәреге спортшылармен бірге жүгіріп жеткен ит көрермендерді тәнті етті
АСТАНА. KAZINFORM — Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы жарысындағы командалық спринттің мәресіне жетер сәтте ерекше жағдай болды.
АЗЕРТАДЖ агенттігінің хабарлауынша, мәре сызығына бірнеше метр қалғанда жарыс жолына ит кенеттен жүгіріп шығып, спортшыларға қосылып, олармен бірге жарыстың соңына дейін жеткен.
Күтпеген «қатысушы» бірден көрермендердің, фотографтардың және телекамералардың назарын аударды. Жануар қауіпті жағдай туғызған жоқ: ит шаңғышыларға кедергі келтірмей, олардың жолын кеспей, жарыс нәтижесіне әсер етпеді.
Керісінше, бұл оқиға Олимпиада күніндегі ең әсерлі әрі есте қаларлық сәттердің біріне айналды.
Тіпті ит спортшылармен бірге мәре сызығын кесіп өткен сәт бейнеленген ресми фотосуретке де түсіп қалған.

Ұйымдастырушылар оқиғаның ешқандай салдарсыз аяқталғанын атап өтті, ал төрт аяқты «олимпиадашы» түскен кадрлар қазір әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлерге күлкі сыйлауда.
Айта кетелік Софья Самоделкина қысқа бағдарламадан сүрінбей өтті.