Олимпиада-2026: отандастарымыз фристайл-акробатикадан жекелей сында өнер көрсетті

ЛИВИНЬО. KAZINFORM – Италияның Ливиньо тау шаңғы курортында XXV қысқы Олимпиада ойындарының фристайл-акробатика жарысы жалғасып жатыр. 

Олимпиада-2026: отандастарымыз фристайл-акробатикадан жекелей сында өнер көрсетті
Фото: Тұрар Қазанғапов

Ерлер арасындағы іріктеу сынына қазақстандық спортшы Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев және Роман Иванов қатысты.

Алғашқы іріктеу кезеңінде Роман Иванов 105.75 ұпай еншілеп, 11-орыннан көрінді. Ал Шерзод Хаширбаев 98.67 ұпай (13-орын), Асан Асылхан 88.94 ұпай (15-орын), Дінмұхаммед Райымқұлов 69.47 ұпай (22-орын) еншіледі.

Екінші іріктеу кезеңінде Роман Иванов алдыңғы нәтижесін қайталады. Алайда, отандасымыз 13-орынмен финалға бір табан жетпей қалды. Шерзод Хаширбаев 16-орыннан көрінсе, ал Асан Асылхан және Дінмұхаммед Райымқұлов ТОП-20 қатарына кірді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаушы Самоделкина Олимпиада ойындарында екі кезеңнің қортындысы бойынша 207.46 ұпай жинап, жалпы есепте 10-орынға жайғасты. 

Осыған дейін жазғы және қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған спортшылар туралы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум