Олимпиада-2026: жанкүйерлер Қазақстан құрамасын қалай қолдады
АСТАНА. KAZINFORM – Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындары әлем жанкүйерлерінің назарын өзіне аударып отыр.
14 ақпанда Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке жетіп, мәнерлеп сырғанаудан ел тарихындағы алғашқы алтын медальді жеңіп алды.

Бұл тарихи жеңіске еркін бағдарламада тамаша өнер көрсеткен Михаил Шайдоров қол жеткізді. Ол Олимпиада чемпионы атанып, Қазақстанның қысқы Олимпиада ойындарындағы екінші алтынын қоржынға салды. Бұған дейінгі алғашқы алтынды 1994 жылы шаңғы жарысынан Владимир Смирнов жеңіп алған еді.
Айта кетейік, қазақстандықтар Олимпиададағы ұлттық құраманың өнерін тікелей эфирден тамашалап, әлеуметтік желілерде қолдау білдіріп жатыр.


Әсіресе ең жас жанкүйерлер ерекше белсенділік танытты: Олимпиада басталар алдында-ақ Қазақстанның әр өңіріндегі балалар спортшыларға арнап суреттер мен тілектер жолдаған.
Осы туындылар негізінде Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті қазақстандық брендпен бірлесіп, бірегей дизайндағы свитшоттар әзірлеп, оларды олимпиадалық құраманың мүшелеріне табыстады.

Балалардың суреттері мен жүрекжарды тілектері ел қолдауының нышанына айналып, спортшыларға ел сенімін жеткізіп, жігерлендірді.
Аталған бастама аясында жасалған свитшоттар қазір қазақстандық дүкендерінде сатылымға шықты.
Бұған дейін конькимен жүгіруден иасс-старт жарысында қазақстандық спортшы Елизавета Голубева финалда өнер көрсеткенін жазған едік.