Олимпиада чемпионы И.Ильин биылғы әлем біріншілігіне қатысады

ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ауыр атлетикадан олимпиада чемпионы Илья Ильин биылғы әлем біріншілігіне қатысады.
None
None
Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне И.Ильиннің өзі мәлім етті. Оның айтуынша, одан кейін Азия ойындары, 2012 жылы Лондонда өтетін олимпиада, басқа да әлемдік додалар кезек күтіп тұр. Бейжің олимпиадасында үздік шыққан И.Ильин жастығына қарамастан, бұған дейін екі мәрте әлем чемпионы атанған болатын. Наурыздың 2-сінде олимпиада жеңімпазын облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен қабылдап, сый-сияпат тарту етті.
Соңғы жаңалықтар