Олимпиада чемпионы И.Ильин Орал қаласында болды

ОРАЛ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Ауыр атлетикадан Бейжің олимпиадасының чемпионы, екі мәрте әлем біріншілігінің жеңімпазы Илья Ильин Орал қаласында болды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Атақты атлет ақпанның 28-інде облыстық қазақ драма театрында өткізілген оралдық белгілі модельер Ақкенже Девятконың сән үлгілері мерекесіне қатысты. Мұнда олимпиада чемпионымен бірлескен жоба бойынша жаңа киім үлгілері көрсетілді. Наурыздың 1-інде И.Ильин жүзу бассейні, «Жастық» стадионы сынды қаладағы спорт нысандарында болды. Сондай-ақ спорттық биден облыс чемпионатының ашылу салтанатына қатысты, бұған Атырау, Рудный қалаларынан да бишілер келді.
Соңғы жаңалықтар