Олимпиада: Е. Хрусталева биатлоннан жаппай жарыста 27-ші орын алды
қпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Ванкувер олимпиадасында биатлоннан әйелдер арасында 12,5 шақырымға жаппай жарыс өтті.
Бұл сында Қазақстан намысын қорғаған 15 шақырымға жеке жарыста Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған Елена Хрусталева 27-ші орынды місе тұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл бәссекеде германиялық Магдалена Нейнер 1-ші орын алып, осымен Ванкувер олимпиадасының қатарынан екі дүркін чемпионы атанды. Күміс жүлдені ресейлік Ольга Зайцева, қола медальді тағы бір германиялық спортшы Симоне Хаусвальд жеңіп алды.