Олимпиада: Қазақстан құрамасы 20-шы орында
АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Канаданың Ванкувер қаласында өтіп жатқан XXI қысқы олимпиада ойындарында биатлоншы Елена Хрусталева күміс жүлдегер атанған соң, Қазақстан құрамасы алтыншы жарыс күнінен кейін бейресми жалпы командалық есепте 20-шы орында тұр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ал, Ванкувер олимпиадасында жалпы командалық есепте бірінші орында АҚШ құрамасы. Олардың еншісінде қазіргі уақытта 6 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль бар. Екінші орында 4 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль жинаған Германия құрамасы келеді. Үшінші орынға 3 алтын, 3 күміс, 3 қола медалі бар Норвегия шықты. Одан кейінгі орындарда Канада, Корея, Швейцария, Франция, Қытай, Швеция, Австрия, Ресей, Голландия, Австралия, Словакия, Чехия, Польша, Италия, Жапония, Беларус, Қазақстан, Латвия, Финляндия, Эстония, Словения және Хорватия құрамалары.