Олимпиада: Топ басында - Германия, АҚШ және Канада

қпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Канаданың Ванкувер қаласында өтіп жатқан XXI қысқы олимпиада ойындарының аяқталуына төрт күн қалды. Бүгінгі күннің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 1 күміс медальмен бейресми жалпы командалық есепте 24-ші орында тұр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлдені биатлоншы Елена Хрусталева салған болатын. Ал, жалпыкомандалық есепте әзірге 7 алтын, 10 күміс, 7 қола медальмен Германия құрамасы көш бастап келеді. Екінші орында АҚШ. Олардың еншісінде 7 алтын, 9 күміс, 12 қола медаль бар. Үшінші орында 7 алтын, 6 күміс, 2 қола медальмен Канада келеді. Одан кейінгі орындарда Норвегия, Швейцария, Корея, Австрия, Қытай, Швеция, Ресей, Голландия, Франция, Австралия, Чехия, Словакия, Англия, Польша, Латвия, Италия, Жапония, Беларус, Словения, Хорватия, Қазақстан, Финляндия, Эстония құрамалары тұр.

Соңғы жаңалықтар