16:19, 20 Қыркүйек 2025 | GMT +5
Олимпиадаға іріктеу: мәнерлеп сырғанаушы Диас Жиренбаев қысқа бағдарламада сынға түсті
АСТАНА. KAZINFORM – Мәнерлеп сырғанаудан Қытайдың Бейжің қаласында Олимпиадаға іріктеу турнирі аясында ерлер арасындағы жекелей сайыс өтті.
Қысқа бағдарламада Қазақстан намысын Диас Жиренбаев қорғады.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз бұл сайыста 64.92 ұпай жинап, аралық есепте 15-орынға табан тіреді.
Қысқа бағдарламада ресейлік Петр Гуменник 93.80 ұпай еншілеп, бірінші орынға тұрақтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бейжіңде мәнерлеп сырғанаудан Олимпиадаға іріктеу турнирі басталғанын хабарлағанбыз.