Олимпиадалық бокста ЖИ төрешілік жүйесі мен қорғаныс шлемдері қайта енгізілуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан бокс федерациясының халықаралық мәселелер жөніндегі вице-президенті Әлімжан Ақаев жыл сайынғы конференцияда World Boxing ұйымының турнирлерде төрешілікті дубликациялау үшін жасанды интеллектті қолдануды жоспарлап отырғанын айтты.
— World Boxing жарыстары аясында жасанды интеллект жүйесі қосымша төрешілік құралы ретінде енгізіледі. Ол соққылардың санын, дәлдігі мен күшін есептеуге мүмкіндік береді. Бұл адамның факторын барынша азайтуға көмектеседі. Жүйені жарыс процесіне биылдың соңына немесе 2027 жылдың басына дейін енгізу жоспарланып отыр, — деді Ақаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, спортшылардың денсаулығын қорғау мақсатында 2026 жылдың соңына немесе келесі жылдың басынан бастап олимпиадалық бокста қорғаныс шлемдерін қайта қолдану мүмкіндігі қарастырылып отыр.
Бұған дейін хабарланғандай, Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 2028 жылғы Олимпиада ойындарына боксшылардың іріктеу жүйесін бекіткен болатын.
Қазақстан боксшылары 2025 жылы халықаралық жарыстарда 113 медаль жеңіп алды.