Олимпиадалық іріктеу додасында қазақстандық Д.Елеусінов алғашқы жеңіске қол жеткізді

АСТАНА. 7 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше Астанада өтіп жатқан бокстан Олимпиадалық іріктеу додасының екінші күні қазақстандық Данияр Елеусінов жеңіске жетті.
None
None

Өзінің алғашқы кездесуінде иорданиялық Ибрахим Салехті 27:4 есебімен тізе бүктірген жерлесіміз Данияр Елеусінов, енді ширек финалда солтүстік кореялық Чол Сон Киммен жұдырықтасатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 4 лицензия ұсынылды, бұған 16 боксшы таласуда. Осы салмақ бойынша үшінші жұп болып шыққан жерлесіміз Данияр Елеусінов кеше өз жанкүйерлерін қуантты. Ол өзінің қарсыласын бірінші раундтың өзінде-ақ тұқсырып, ринг барысында өзінің басымдығылын таныта білген еді. Сөйтіп, сауатты бокс көрсеткен жерлесіміз алғашқы раундты 11:2 есебімен аяқтады. Данияр Елеусінов осы қарқынды жекпе-жектің соңына дейін сақтап, екпінін еш түсірген жоқ. Екінші раундтың есебі 19:2 -мен аяқталса, соңғы раундтағы есеп 27:4-ке жеттті.  

«Данияр біздің тактикалық нұсқауларымызды орындап шықты, дегенмен шамалы кемшіліктер де жіберіп алды. Бұндай кемшілікке біз назар аударатын боламыз. Әрине рингке бірінші болып шығу қашанда ауыр. Сондықтан да, біз бұдан кейінгі жекпе-жектер жеңілірек болады деп ойлаймыз. Сонымен бірге, бүгінгі күні лицензия үшін талас жүріп жатқанын еске салғым келеді, ал олай болса әрбір жекпе-жекке бар күшті салып бағу керек», - деді еліміздің ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.

Д. Елеусінов 8 сәуір күні Солтүстік Корея боксшысы Чол Сон Киммен қолғап түйістіретін болады. Корея боксшысы бұған дейін филиппиндік қарсыласынан басым түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар