Олимпиаданың басты дауына айналған Алжир боксшысы Иман Хелиф чемпион атанды

ПАРИЖ. KAZINFORM — Франция астасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында әйелдер боксынан басы дауға қалған Алжир боксшысы Иман Хелиф чемпион атанды.

Иман Хелиф
Фото: prosports.kz

66 келдіде әйелдер боксынан Алжир боксшысы Иман Хелиф Париж Олимпиадасының финалында Қытай боксшысы Янг Луиді төрешілер шешімімен 5:0 есебімен ұтып, чемпион атанды.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Иман Хелифтің жекпе-жектері әлемдік БАҚ-та қызу талқыға түсті. Оны «трансгендер» болуы мүмкін екендігі туралы жазғандар қарасы өте көп болды. Тіпті, онымен бірінші айналымда сынға түскен Италия өкілі Анжела Карини алғашқы раундта-ақ кездесуді тоқтатып, ер адаммен жұдырықтаспайтынын айтқаны жанкүйерлер есінде. Бірақ, ол қаншама кедергілерге қарамастан Париж Олимпиада ойындарының чемпионы атағына қол жеткізді.

Соңғы жаңалықтар