Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Олжас Бектенов Алматыдағы жылу электр орталығының жұмыс қарқынын сынға алды

АСТАНА.KAZINFORM – ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Үкімет отырысында еліміздегі бірқатар энергетикалық нысандардың құрылыс барысына тоқталды.

Бектенов
Фото: Үкімет

Үкімет басшысының сөзінше, экономиканың дамуы елімізді одан әрі индустрияландыру мен цифрландыру, сондай-ақ, инфрақұрылымға деген өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз ету үшін энергетикалық қуатты арттыруды талап етеді.

– Энергетика министрлігі мен «Самұрық-Қазына» қорының басшылары Алматы электр станциялары мен Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының уақытылы іске қосылуына тікелей жауап беретінін тағы да еске саламын. «Самрұқ-Энергоның» басшысы, Қайрат Мақсұтов. Өткен аптада Энергетика министрі Алматыға барып, екінші және үшінші жылу электр орталығын тексеріп келді. Үшінші жылу электр орталығы бойынша жағдай мәз емес. Жұмыс қарқыны өте төмен. Егер жылдың соңына дейін бітірмесеңіздер, сіздің жеке қатаң жауапкершілігіңіз қаралатын болады. Күнделікті бақылауға алыңыз. Мұндай жағдайды доғару керек, – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін жылумен және электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша әкімдіктерге тапсырма берілгенін жазғанбыз.