Олжас Бектенов Қаңтар оқиғасы туралы: Барлық ақиқат ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы туралы тілшілер сұрағына жауап берді.

Қаңтар оқиғасы
Фото: Kazinform

Қаңтар оқиғасының шындығы қаншалықты ашылды? Шенеунік ретінде емес, ұл-қыз тәрибелеп отырған әке ретінде бүлдіршіндердің қазасы туралы не айтасыз?, — деп сұрақ қойды журналист.

— Бұл өте күрделі мәселе. Қасіретті Қаңтар, өздеріңіз білесіздер, өте қайғылы оқиға болды. Бірнеше сот процестері өтті. Меніңше, барлық ақиқат ашылды. Бәрі белгілі болды. Көпшілікке де ақпарат берілді. Сондықтан бұл мәселе толығымен шешілді деп ойлаймын. (Бүлдіршіндер қазасы — ред.) әрине қасірет, қайғылы оқиға, осындай жағдай тарихымызда болды. Бірақ Мемлекет басшысының саяси жігерінің арқасында біз осы жағдайдан аман-есен шықтық, — деп жауап берді Олжас Бектенов.

Айта кетейік, 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары Қазақстан тарихындағы жаңа бетбұрыс кезеңі болды. Газ бағасының қымбаттауына қарсылық тұтас ел бойынша бірнеше мың адам қатысқан наразылықтарға ұласты; кейбір бейбіт демонстрациялар тәртіпсіздіктерге айналды.

Бұл туралы Президент Телерадиокешені «Куәгер» деректі фильмін түсірді.

Биыл бірнеше облыста Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар табылды

Соңғы жаңалықтар