Олжас Бектенов: «Таза Қазақстан» бастамасы тиімділігін көрсетті
АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы тиімділігін көрсеткенін айтты.

- «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы өзінің жоғары тиімділігін көрсетті. Сондай-ақ 2029-шы жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдама мәртебесіне ие болды. Құжатта экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаны сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында кешенді іс-шаралар айқындалды. Қабылданып жатқан шаралардың барлығы қоғамның экологиялық сауаты мен жауапкершілігін арттыруға бағытталып отыр, - деді Үкімет басшысы.
Олжас Бектенов бұл бастамаға кез келген үлесін қоса алатынын еске салды.
- Ол үшін экологиялық мәдениет күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуға тиіс. Барлық мемлекеттік органдар, бизнес пен бүкіл қоғам болып осы жұмыстарға белсенді атсалысуымыз қажет, - деді Премьер-министр.
Айта кетейік, бүгінгі Үкімет отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Таза Қазақстан» бастамасының бір жылдағы нәтижесін баяндаған болатын.