Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті

АСТАНА. KAZINFORM – Оман мен Иран делегациялары Маскатта өткен кездесуде Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы мәселесі бойынша келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты, деп хабарлайды БЕЛТА.

Оман мен Иран Ормуз бұғазы бойынша келіссөздерді жалғастыруға келісті
Фото: Fars News

Оман Сыртқы істер министрлігінің X әлеуметтік желісінде хабарлауынша, тараптар Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы мен оның қауіпсіздігін соңғы оқиғалар аясында талқылады.

– Бүгін Маскатта Оман мен Иран арасында Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы және оның қауіпсіздігі мәселелері бойынша келіссөз өтті. Тараптар халықаралық құқық нормаларына сәйкес қажетті келісімдерге қол жеткізу үшін техникалық және саяси деңгейдегі талқылауларды жалғастыруға келісті, – делінген министрлік хабарламасында.

Келіссөздерге Оман делегациясын Сыртқы істер министрі Бадр әл-Бусаиди, ал Иран делегациясын Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи басқарды.

Axios басылымының мәліметінше, Маскаттағы келіссөздерге Катар делегациясы да қатысқан.

Айта кетейік, Трамп өзіне Иран қастандық жасаса, тұтас елді жойып жіберетінін мәлімдеді. Сондай-ақ АҚШ тарапы Ормуз бұғазы ашық тұруы тиіс деген талап қойып отыр.