Оманда жартасқа қашалған көне суреттер табылды

АСТАНА. KAZINFORM – Оманның Солтүстік әл-Батина провинциясында сирек кездесетін петроглифтер – көне жартастағы суреттер табылды. Бұл елдегі жаңа археологиялық нысанға айналды, деп хабарлайды TV BRICS телеарнасы.

Оманда көне жартастағы көне суреттер табылды
Фото: Al Shabiba

Табылған жәдігерлер – бетіне адамға, жануарларға және геометриялық пішіндерге ұқсас бейнелер қашалып салынған тастар.

Министрлік мәліметінше, бұл жаңалық Омандағы археологиялық нысандарды анықтау және сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында ашылған.

Мұндай олжалар ғалымдардың ежелгі дәуірдегі адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен сол кезеңдегі табиғи жағдайлар туралы түсінігін кеңейте түседі.

Қазір мамандар нысанды зерттеуді жалғастырып жатыр. Сонымен қатар ескерткіштің тарихи және туристік құндылығын арттыру мақсатында оны сақтау және қалпына келтіру шаралары қолға алынған.

Мамандардың пікірінше, бұл нысан Оманның бай мәдени мұрасының маңызды айғақтарының бірі саналады.

Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда Рим дәуірімен байланысты көне қала табылғанын жаздық.

Ал АҚШ-та динозаврлар қырылған кезеңде тіршілік еткен атжалман қаңқасы табылды.