Омар, Маруа, Көркем: Шымкентте сәбилерге қандай есімдер жиі қойылады

  ШЫМКЕНТ. KAZINFORM – Жыл басынан бері Шымкентте 20 мыңнан астам нәрестеге туу туралы куәлік берілген.

сәби, бала
Фото: Азаматтарға арналған үкімет

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалы мәліметіне сүйенсек, соңғы жылдары ата-аналардың талғамы өзгеріп, балаларға шығыстық мәні бар әдемі есімдер қою трендке айналған. Мысалы, қыздарға – Маруа, Хадия, Айсафи, ал ұлдар арасында Омар, Әбу Бәкір, Ибрахим есімдері танымал.

Сонымен қатар қазақи дәстүрлі есімдер де өз маңызын жоғалтпай келеді. Қыздар арасында Көркем, Аяулым, Айкөркем, ал ұлдар арасында Ертұлға, Әміре, Дарын есімдері жиі кездеседі.

– Әр есім – ата-ананың жүрек қалауынан туған ерекше таңдау. Ол баланың болашақтағы бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қалалық филиалының маманы Айнұр Тобаева.

Айта кетейік, бұдан бұрын Шымкентте жастар саясаты және балалардың құқықтарын қорғау басқармалары құрылатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум