«Омбы-Майқапшағай» автожолында қозғалыс шектелді

АСТАНА. KAZINFORM — Жол 2024 жылғы 27 желтоқсан сағат 07:00–де ашылады, деп хабарлайды Абай облысы Полиция департаменті.

жол жабылды
Фото: Абай облысы ПД

— 2024 жылғы 26 желтоқсан күні сағат 18:00–ден бастап қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты «Омбы-Майқапшағай» автожолының 1087-1103 км учаскесінде (Боғаз ауылының бұрылысы — Шығыс Қазақстан облысының шекарасы) дизельді қозғалтқыштары бар қоғамдық көліктер үшін қозғалыс уақытша шектелді. Қазіргі уақытта осы учаскеде көліктердің жиналуы тіркелген жоқ, — делінген хабарламада.

Қозғалысты ашудың болжамды уақыты — 2024 жылғы 27 желтоқсан сағат 07:00.

Абай облысының полициясы жүргізушілерге ескерту жасады.

— Ауа райы жағдайларын ескеріп, жедел ақпаратты қадағалаңыз және сапарыңызды жоспарлау кезінде сақтық шараларын сақтаңыз, — деді ведомство.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін он қалада ауа сапасы нашарлайтыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар