Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Омбы-Майқапшағай» тас жолында көлік апатынан 4 жасар бала қаза тапты - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Омбы-Майқапшағай» тас жолында болған жол-көлік апатының салдарынан 4 жасар бала қаза тапты.

«Омбы-Майқапшағай» тас жолында көлік апатынан  4 жасар бала қаза тапты - ШҚО

Ол тас жолдың 70-ші шақырымында «Опель» көлігімен соқтығысқан «Мазда-626» көлігінің ішінде отырған еді. Бала оқиға орнында көз жұмды.

 «Опельдің» ішінде болған әйел көмек сұрап ауруханаға барды.

 Жол полициясынан хабарлағандай, өткен демалыс күндері екі адам зардап шеккен тағы екі жол апаты болды, олар ауруханаға жеткізілді.