10:26, 04 Тамыз 2017 | GMT +5
Омбы облысында археологтар 3 мың жыл бұрынғы қарулы сарбаздың қабірін тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Омбы облысында мәдени нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында археологтар шамамен 3 мың жыл бұрынғы бірнеше моланы тапты.

Оның ішінде қарулы сарбаз қабірі бар. Одан қару, әшекей, басқа да қоладан жасалған заттар шықты.
Табылған заттардан, мамандардың айтуынша, жерленген сарбаздың өз ортасында қадірлі немесе атақты адам болғаны байқалады.
«Жерлеу рәсімінің тағы бір қызықты ерекшелігі: сарбаз айқасқа әзірленгендей жерленген - ол қанжар мен пышақты қолына жауға шабатындай қысып ұстаған, ал оның қасында балта жатыр», деп жазады Омбы облысы үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған «Утро.ру».