Өмір осындайлармен қызық: Жәнібек доминиканалық боксшының мәлімдесіне жауап берді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы доминиканалық былғары қолғап шебері Карлос Адаместің мәлімдесіне әлеуметтік желідегі парақшасында жауап берді. Бұл туралы Sports.kz жазды. 

Өмір осындайлармен қызық: Жәнібек доминиканалық боксшының мәлімдесіне жауап қатты
Фото: әлеуметтік желіден

Доминиканалық спортшы Inside The Ring YouTube арнасына берген сұхбатында Әлімханұлымен жекпе-жек өткізгісі келетінін және оның таяу уақытта ұйымдастырылғанын қалайтынын атап өткен еді. 

Қазіргі уақытта Қазақстанда жүрген Жәнібек Карлостың бұл мәлімдемесін әзіл әңгіме ретінде қабылдап, бұрын онымен жекпе-жек туралы келісімге келе алмағанын еске алды. 

– Анау Адамес қоймайды екен, иә (күліп). Біз Америкаға барсақ қашады, ал Қазақстанда жүрсек қайта жекпе-жекке шақырыпты. Өзі бір түсініксіз бала екен. Күңкілі бітпейді әйтеуір. Бірақ өмір осындай адамдармен қызық қой. Арасында осылай сөйлеп, көңілді көтеріп қояды. Жарайсың Адамес, - деді Жәнібек Әлімханұлы.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жәнібектің допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылғанын хабарлаған едік. Кейін қазақстандық боксшының допинг тесттен өтпей қалуына байланысты 7 желтоқсанға жоспарланған кубалық Эрисланди Ларамен жекпе-жегі өтпей қалды. Сондай-ақ Жәнібек Әлімханұлы ресми түрде әлем чемпионы титулынан айырылды