Он алты өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – «Қазгидромет» РМК-сы сәурдің 28-і күнгі күн райы болжамы жариялады.

Кіспорынның болжамынша, Астанада 28 сәуірде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
28 сәуірде күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, облыстың батысында кей уақыттарда 25 м/с.
28 сәуірде түнде Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.
28 сәуірде түнде Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с.
28 сәуір күні күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
28 сәуірде күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жылдамдығы 15-20 м/с. 28 сәуірде облыстың солтүстігінде, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 сәуірде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с.
28 сәуірде Маңғыстау облысының батысында, солтүстік шығысында найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, орталығында шаңды дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 сәуірде түнде Абай облысында найзағай ойнайды. Оңтүстіктен соғатын жел батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с.
28 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с.
28 сәуірде түнде Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
28 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.
28 сәуірде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Жел солтүстік батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с.
28 сәуірде түнде Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
28 сәуірде Алматы облысының оңтүстік шығысынан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
28 сәуірде түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, түнде облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
28 сәуірде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстік жартысында екпіні 23-28 м/с.
Осыған дейін Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің аумағындағы өрт оқшауланғаны туралы жаздық.