Өңдеуші ШОБ-қа бөлінген 100 млрд. теңге 13 банкке орналастырылды
«Несие келісімі «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және 13 отандық екінші деңгейлі банктер арасында жасалды. Құжатқа сәйкес аталған қаржыны банктер өңдеуші өнеркәсіп жобасын іске асыратын шағын және орта бизес кәсіпкерлеріне алты ай ішінде берулері тиіс», - деді ол.
Атап айтар болсақ, бұл банктердің арасында «Қазкоммерцбанк», «Халық банкi», «Цесна банк», «Банк Центр Кредит» , «АТФ», «Темiр банк», «Ресей жинақ банкі», «Еуразиялық банк», «Нұрбанк», «Қазинвест», «РБК», «Дельта», «Азия кредит» банктері бар.
Оның мәліметінше, қаражаттың жартысы, яғни 50 млрд. теңге шағын және орта бизнестің жаңа жобаларын қаржыландыруға (соның ішінде 25 млрд. теңгесі азық-түлік өндірісі жобаларына) бөлінеді. Ал қалған 50 млрд. теңге жұмыс істеп тұрған қарыз алушыларды қайта несиелеуге беріледі.
«Бұл жобаны тәуелсіздік алғалы кәсіпкерлікті қолдаудағы ең ерекше жағдай деп айтуға болады. Бұған дейін мұндай төмен пайызбен (жылдық 2 пайыз) және мұндай ұзақ мерзімге (240 ай) ешбір банк несие беріп көрмеген», - деп атап өтті А. Жұмағұлов.