Өндірісшілер, шенеуніктер және ғалымдар Павлодар мемлекеттік университетінде энергияны сақтау болашағын талқылады

ПАВЛОДАР. 26 маусым. ҚазАқпарат - Павлодар мемлекеттік университетінде өткен семинарда ҚР-ның энергияны сақтау және энергиялық тиімділікті арттыру туралы заңнамасының орындалуы талқыланды,
None
None

деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.

Пікірталасқа кәсіпорындар өкілдері, шенеуніктер мен ғалымдар қатысты.

«Заңнамалық актілерді орындау елдегі электр қуатын тұтынуды 10 пайызға төмендету керек. Өнеркәсіп кәсіпорындарында электр қуатын тұтынудың мониторингі енгізіледі, есептеуіш құралдарымен жабдықталмаған нысандарға іске қосуға тыйым салынады.

Семинарда «Энергиялық тиімділіктің кешенді жоспар» ерекшеліктеріне назар аударылды. Оның іске асырылуы шағын және орта бизнес кәсіпорындары кадрлық және энергиялық аудитпен қамтамасыз етілсе табысты болады.

Ғалымдар Павлолар мемлекеттік университеті мен «Қазақэнергиялықсараптама» жемісті ынтымақтасқанын атап өтті. «Бұл екі бағыттағы процесс. ПМУ Павлодар облысындағы энергетикалық, экономикалық және экологиялық мәселерді шешу үшін бағдарламаны белсенді іске асыруда».

Соңғы жаңалықтар