Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өндірістерде суды айналмалы түрде қайта пайдалануға мүмкіндік беретін талаптар енгізіледі

АСТАНА. 18 ақпан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Өндірістерде суды айналмалы түрде қайта пайдалануға мүмкіндік беретін талаптар енгізіледі.

Өндірістерде суды айналмалы түрде қайта пайдалануға мүмкіндік беретін талаптар енгізіледі

Бұл туралы бүгін Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің міндеттеріне арналған алқа мәжілісінде аталған ведомствоның басшысы Нұрғали Әшім айтты.

«Барша Еуропада су туралы деректива енгізілген. Ол өз кезегінде өндірістерде суды айналмалы түрде қайта пайдалануға мүмкіндік береді»,-деді министр. Мәселен, ірі зауыттар өзеннен 1 млн. текшеметр суды алып, ол суды пайдаланғаннан кейін оны қайта өзенге ағызып жібермейді. Атап айтқанда өндіріс орны осы суды тазалап, қайта-қайта пайдалана береді.

«Осындай талаптарды қарастыратын заң жобасын біз қазір әзірлеп жатырмыз. Биыл бұл заңнаманы Үкіметтің, содан кейін Парламенттің қарауына енгізуді жоспарлап отырмыз»,-деді Н. Әшім.

Бұл қадамдар су бойынша еуропалық дерективаға негізделіп отырғанына тоқталған ведомство басшысы, бұл шаралар кейін ауыз су мәселесінде осындай тиімді іс-қимылдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.