Өндірістік жарақаттану көрсеткіші ең жоғары өңірлер аталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандада 2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда өндірістегі жарақаттану деңгейі 5,8% төмендеп, 2 328 жазатайым оқиға тіркелді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі.

Өндірістік жарақат: қызметкердің құқығы мен жұмыс берушінің міндеті
Коллаж: Kazinform / Freepik / Pexels

Өндірісте жарақаттанудың ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан облысында сақталып отыр. 2025 жылы бұл өңірде 287 жазатайым оқиға тіркелді, бұл жалпы көрсеткіштің 12,3%-ына тең.

Екінші орында Қарағанды облысы тұр, онда өндірісте 277 адам зардап шекті, бұл — жалпы жазатайым оқиғалардың 11,9%.

Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі төмендеді
Фото: ҰСБ

Жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің ең көп үлесі өңдеу өнеркәсібінде (255 адам), тау-кен өнеркәсібінде (130 адам) және құрылыста (18 адам) тіркелді.

Есепті жылы ең көп таралған кәсіптік аурулар қатарында дорсалгия (116 адам) және бел және омыртқааралық дискілердің зақымдануы, радикулопатиямен қатар жүретін жағдайлар (183 адам) анықталды.

Жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккендердің басым бөлігі 30-45 жас аралығындағы білікті жұмысшылар.