Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өндірушілерді сауда желілерімен байланыстыру: QazTrade Retail платформасы қосылады

АСТАНА. KAZINFORM – Ел бойынша жыл сайын 10 мыңнан астам жәрмеңке өткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлім етті.

онлайн сауда, маркетплейс
Фото: freepik

- Ірі сауда объектілері мен базарлар үшін жалдау ақысын қалыптастырудың ашық ережелері белгіленді. Оны жылына бір рет ғана қайта қарауға болады. Жыл соңына дейін отандық өндірушілерді сауда желілерімен тікелей байланыстыратын QazTrade Retail цифрлық платформасын іске қосу жоспарланған, - деді А.Шаққалиев.

Оның айтуынша, ел бойынша жыл сайын 10 мыңнан астам жәрмеңке өткізіледі. Жыл басынан бері 4600 жәрмеңке ұйымдастырылды.

- Отандық өндірушілерге ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріндегі сауда орындары тегін беріледі, - деді министр.

Айта кетейік, Қазақстанда шілде айының қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,3% төмендеді.