Өнер бойынша сирек кітаптар желіге шығарылды

АСТАНА. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат - Лос-Анджелес мұражайы (LACMA) өнер бойынша кітаптар жарияланатын интернет-сайтты ұсынды,

Өнер бойынша сирек кітаптар желіге шығарылды

деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.Ру сайтына сілтеме жасап.

Әңгіме ең алымен қолға түспейтін басылымдар - енді қайтып шығарылммайтын сирек немесе толықтай сатылып кеткен кітаптар туралы болып отыр.

Қазір «Оқу залында» (Reading Room) 10 сирек басылым ұсынылған, олардың ішінде 1960 жылдардағы поп-арт көрмелерінің монографиялары мен каталогтары бар.

Сайттан кітаптардың беттерін қарауға немесе PDF пішімінде толықтай көшіріп алуға болады. Мұражай коммерциялық мақсатты көздемейді.