11:58, 10 Мамыр 2012 | GMT +5
Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өнім бағасы 3,5 пайызға өсті - БҚО
ОРАЛ. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы сәуірде өнеркәсіп кәсіпорындарындағы өнім бағасы наурызбен салыстырғанда 3,5 пайызға өсті.

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, тұтыну тауарлары 0,1 пайызға, аралық тұтыну өнімі мен өндірілген өнім бағасы 3,6 пайызға қымбаттады.
Баға кен өндіру өнеркәсібінде 3,6 пайызға, өңдеу өнеркәсібінде 3,2 пайызға көтерілген. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда тарифтер өзгеріссіз қалды.
Сәуір айында табиғи газ бағасы 0,1 пайызға, газ конденсаты 3,6 пайызға, шикі мұнай 3,7 пайызға өссе, ұн бағасы 0,9 пайызға арзандады. Төсек жаймалар 1,4 пайызға, газойль (дизельдік отын) бағасы 3,6 пайызға көтерілді.