Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша былтырғы жылдың қорытындылары белгілі болды

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 2012 жылғы қаңтар-желтоқсанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 16618,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2011 жылғы қаңтар-желтоқсанға қарағанда 0,5% артық. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов Қазақстан Республикасының 2012 жылғы қаңтар-желтоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындыларына арналған брифингте мәлімдеді.

Өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша былтырғы жылдың қорытындылары белгілі болды

Оның атап өтуінше, кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 0,2%, өңдеу өнеркәсібінде 0,7%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 3,3% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс 5,9% төмендеді.