Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 103,5 пайызды қамтамасыз етті - ҚР ИЖТМ

  АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 2011 жылы оның алдындағы жылмен салыстырғанда 103,5 пайызды қамтамасыз етті.

Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 103,5 пайызды қамтамасыз етті - ҚР ИЖТМ

Бүгін ҚР Премьер-министрінің  бірінші орынбасары Серік Ахметовтың қатысуымен өткен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің алқа мәжілісінде ведомство басшысы Әсет Исекешев осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, елді индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде 2011 жылы атқарылған шаралардың арқасында белгілі бір бағыттағы оң үдерістер байқалды. Мәселен, былтыр 237 жаңа өрдіріс іске қосылды. 45 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Соңғы екі жыл ішінде 130 жоба өздерінің жобалық қуатына шығарылған. Бұл ретте министр инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі артып отырғанын мәлім етті.

«Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 26 пайызға артып, 50 мың долларды құрады. Тау-кен өнеркәсібінің өсім қарқыны 1 пайыздан асты. Ал өңдеуші сектордың өсімдегі үлесі 6 пайыздан жоғары болып отыр. Бұдан бөлек, жан басына шаққандағы өңдеуші сектордың жалпы ішкі өнім құрылысындағы үлесі 9 айдың қорытындысы бойынша 12,9 пайызды құрады», - деді Ә. Исекешев.