Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесіне толықтырулар енгізілді

АСТАНА. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы желтоқсанның 30-ындағы №1296 қаулысының толық мәтінін жариялайды.
None
None
***Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына толықтырулар енгізу туралыҚазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. ?Өнеркәсіп саласындағы жекелеген қызмет түрлерін лицензиялау ережесін және оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы? Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 608-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген өнеркәсіп саласындағы қызметтің жекелеген түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарында: 13-тармақта: бірінші абзац ?қосалқы абоненттерге? деген сөздерден кейін ?(қосалқы тұтынушыларға)? деген сөздермен толықтырылсын; 2) тармақшадағы ?жедел? деген сөздің алдынан ?тұтынушылармен (абоненттік қызметтер, учаскелер) жұмысты,? деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшадағы ?мүмкіндігінің? деген сөзден кейін ?;? белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: ?5) меншік құқығында (шаруашылық жүргізу не жедел басқару) немесе лизинг, концессия, жалдау, сенімді басқару шарттары бойынша тұтынушылармен жұмыс істеуге және абоненттік қызметтерді орналастыруға арналған (құқық белгілейтін құжаттардың көшірмелері) ғимараттың немесе үй-жайдың?. 2. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күн мерзім өткен соң қолданысқа енгізіледі.Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Соңғы жаңалықтар