Өңір экономикасына 59,6 млрд. теңге несие қаржы құйылды
ОРАЛ. 22 қаңтар. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылдың он бір айында өңір экономикасына 59,6 млрд. теңге несие қаржы құйылса, соның 76,4 пайызы заңды, 23,6 пайызы жеке тұлғаларға берілді.
Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, екінші деңгейдегі банктер берген несие көлемі 87,6 млрд. теңгеге жетті.
Банктердегі депозит көлемі 42,6 млрд. теңгені құраса, соның 86,4 пайызы тұрғындардың үлесіне тиеді.