09:14, 17 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өңірде 10,8 мың жұмыс орны ашылды
ОРАЛ. Қаңтардың 17-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2008 жылы 10,8 мың жұмыс орны ашылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Жыл ішінде осыншама адам еңбек орнын тауып, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 7,6 мың адам ақылы қоғамдық жұмыстарға тартылды. Нәтижесінде тіркелген жұмыссыздар саны 8,1 пайызға азайса, жұмыссыздық деңгейі 0,9 пайызға дейін төмендеді.
Жұмыссыздық, баға, инфляция бойынша мониторинг ұдайы жүргізіліп келеді.