Өңірде 7 мыңнан астам гектар аумақ көгалдандырылды - Алматы облысы
АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - «Жасыл даму» салалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2011 жылы Алматы облысындағы «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғат паркіндегі сирек кездесетін 30 құлан Аңдасай мемлекеттік табиғат қорығына бейімдендірілді.
Сонымен қатар, облыс әкімдігі 7 мыңнан астам гектар аумақта жасыл аймақтар құрды. Бірыңғай туристік бағыттар әзірленіп, «Бұйратау» атты мемлекеттік ұлттық табиғат паркі ашылды, деп хабарлайды Pm.kz сайты.