15:19, 13 Шілде 2010 | GMT +5
Өңірде алты айда 12,3 млн. тонна жүк тасылды
ОРАЛ. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта 12,3 млн. тонна жүк тасылса,

соның 12,2 миллионы - автомобиль, 0,1 миллионы өзен көлігінің үлесіне тиеді.
Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, жүк айналымы көлемі 599,6 млн. тонна-шақырымды құрады, бұл өткен жылғыдан 16,8 пайызға көп. Маусымда жүк айналымы көлемі 119,3 млн. тонна-шақырымға жетті, бұл мамырдағыдан 13,1 пайызға артық.
Облыста алты айда автомобиль көлігімен 117,6 млн. адам тасылған, бұл өткен жылғыдан 10,3 пайызға көп. Өзен кемелерімен саяжайларға дейін 14,0 мың адам жеткізілген, бұл 44,3 пайызға артық. Жолаушы айналымы көлемі 20,7 пайызға өсіп, 2085,6 млн. жолаушы-шақырымды құрады.