16:39, 23 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өңірде аудан әкімдері қорытынды есептік кездесулерін өткізуде
ОРАЛ. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында аудан әкімдері қорытынды есептік кездесулерін өткізуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қаңтардың 23-інде Теректі, Сырым, Бөрлі және Қаратөбе аудандарының әкімдері Алексей Горобцов, Ерлан Нысанғалиев, Болат Шәкімов және Арман Өтеғұлов тұрғындар алдында тізгін тартар есебін берді. Аудан және қала басшыларының кездесуі алдағы аптада толық аяқталмақ.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов ақпанның 12-сінде өңір тұрғындарымен есептік кездесулерін өткізеді. Азаматтардың тікелей және жазбаша сауал беруіне барынша жағдай жасалған. Облыс елді мекендері мен Орал қаласында 457 арнайы жәшік орнатылған.