18:40, 04 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Өңірде аудан әкімі күндері өткізілуде
ОРАЛ. Қыркүйектің 4-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында аудан әкімі күндері өткізілуде.
Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы Көпжан Құспановтың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, сырымдықтар аудан әкімі күнін барлық округте өткізіп үлгерді. Қазіргі кезде жұмыс топтары кездесулерде айтылған сын-ескертпелерге байланысты ауылдық округтерге қайта ат басын бұруда. Тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар да ұйымдастырылуда.
Осындай шаралар басқа аудандарда да жүргізілуде.