Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге бағытталған кооперативтер құру қолға алынды

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.
Қазіргі кезде өңірде ет өңдейтін «Жаңақала-ет», қымыз шығаратын «Қымыз», астық өндіретін «Табыс Ом» кооперативтері жұмыс жасайды. Оларға тиісті жабдық алу үшін сәйкесінше 28 млн., 50 млн., және 84 млн. теңге несие берілді.
Болашақта облыста 12 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бірлестігін құру жоспарланса, соның ішінде үш кооператив ет дайындау мен өңдеуге, алтауы қала маңындағы аудандарда сүт өндіруге бағытталмақ. Сондай-ақ «Бюллер» фирмасының жабдығымен жасақталған диірмен негізінде ұн өңдейтін, «Батыс Күнбағыс» АҚ базасында күнбағыс дайындап, өңдейтін және Шалқар көлінде балық өңдейтін кооперативтер құрылмақ. «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ға қызмет көрсету-дайындау орталықтарын ұйымдастыру үшін 2,2 млрд. теңге көлемінде қаржы керек екендігі жөнінде есеп берілді.