15:11, 16 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 21 пайызға артты
ОРАЛ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру 21 пайызға артты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Бұл ? соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш. Облыс диқандары астықты 2007 жылғыдан 1,7 есеге көп жинады. Бидайды мемлекеттік көздерге тапсыру көлемі асыра орындалып, тұрақтандыру қорына 12 мың тонна астық құйылды. Соның арқасында нан бағасы жаңа өнім жиналғанға дейін өзгермейді.
Өңірдің мал шаруашылығында да өсу бар. Мал басы көбейіп, ет өндіру ? 3,5, сүт ? 1,7, жұмыртқа 0,1 пайызға ұлғайып отыр.