Өңірде ауылдарды ауыз сумен қамту мақсатында республикалық бюджеттен 573,6 млн., жергілікті қазынадан 581,6 млн. теңгенің жұмыстары атқарылмақ
ОРАЛ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл ауылдарды ауыз сумен қамту мақсатында республикалық бюджеттен 573,6 млн., жергілікті қазынадан 581,6 млн. теңгенің жұмыстары атқарылмақ,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық құрылыс басқармасының мәліметтеріне сәйкес республикалық бюджеттен бөлінген 573 601 мың теңге есебінен Жәнібек ауданындағы Тау, Ақжайықтағы Бударин, Тасқаладағы Оян, Бөкей ордасындағы Саралжын ауылдарында су құбыры құрылысы басталса, өткен жылдан биылға өткен бірқатар елді мекендердегі осындай жұмыс жалғасады. Сондай-ақ басқа да біраз ауылдың су құбырларын іске қосу, қайта құру мен кеңейтуге жергілікті бюджеттен 526 462 мың теңге қарастырылған. Сонымен қатар 55 млн. теңге су құбырларын күрделі жөндеуге бөлініп отыр.