Өңірде биылғы жылдың ауыл шаруашылығын қолдау жылы болып жариялануы алыстағы аудандарға да серпін бермек

ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2009 жылдың ауыл шаруашылығын қолдау жылы болып жариялануына байланысты алыстағы аудандарда да нақты жұмыстар атқарылмақ. Бұл туралы Жәнібек ауданында өткен кеңесте облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықов мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Қазіргі кезде мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі ? ауыл шаруашылығы саласын дамыту. Осыған байланысты мемлекет тарапынан осы салаға көрсетілетін көмек мөлшері жылдан-жылға артып келеді. Бұл орайда Елбасы тапсырмасына сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жоспарлы шаралар атқарылуы тиіс. Мұндай жұмыстар Жәнібек ауданында да жүргізілуде. Егін мен мал шаруашылығын дамытуда озық әдістерге сүйену өз алдына, жаңа өндіріс орындарын ашуға да ерекше мән берілуде. Айталық, аудан орталығында мал сою, ет дайындау цехы жұмыс жасап жатса, енді диірмен де ашылатын болады. «Табыс ОМ» ауылдық тұтыну кооперативі арқылы салынатын «Мельник 700 эксперт» диірмені Ресейде жоғары санаттағы қондырғылар қатарында есептеледі. Диірменнің жұмыс өнімділігі бір күндік ауысымында 5 тонна бидай тартып, Жәнібек қана емес, көршілес екі ауданды да қамтуға мүмкіндік береді, яғни өңірде астық пен нан өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұруға зор көмегі болмақ. Кеңесте ауыл шаруашылығын қолдауға облыстық және республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны тиімді игеру керектігі де айтылды. Осындай басқосу көршілес аудандарда да болды.
Соңғы жаңалықтар