12:04, 19 Қаңтар 2009 | GMT +5
Өңірде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 1,7 есеге өсті
ОРАЛ. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі 1,7 есеге өсті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Жыл ішінде төрт аудандық аурухана, өкпе ауруларын емдейтін диспансер мен ауылдық аурухана, үш дәрігерлік амбулатория және төрт қалалық емдеу мекемесі жөнделді. Денсаулық сақтаудың 41 қалалық және 12 аудандық емдеу-алдын алу мекемелері үшін медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Сол секілді 2008 жылы білім беру саласын қаржыландыру 13,3 пайызға көбейді. 70 білім беру нысаны жөнделсе, соның 14-і ? кәсіптік мектептер мен лицейлер. 25 лингафондық және мультимедиялық, 15 физика кабинеті жабдықталды.